Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы әкімі аппаратына жаңа басшы келді

Жарияланған күні:

Жамбыл облысы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысы әкімі аппаратына жаңа басшы келді
Алмас Мәдиев. Фото: zhambyl.gov.kz: UGC

Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында белгілі болды.

Облыс әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Алмас Мәдиев тағайындалды.

Алмас Өскенбайұлы Мәдиев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "Инженер-экономист", 2000 жылы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды.

2009-2014 жылдары - "Оңтүстік "ӘКК "ҰК" АҚ қаржы директоры, басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ қаржы департаментінің директоры, "Павлодар "ӘКК" ҰК"АҚ Басқарма төрағасы.

2014-2017 жылдары-Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін - "Алматы" ӘКК АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Еске сала кетсек, осы облыстағы Қордай ауданына да жақында ғана жаңа әкім тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843291-zambyl-oblysy-kimi-apparatyna-zaa-bassy-keldi/