Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда «Алғыс айту күні» айрықша аталып өтті

Опубликовано:

Таразда «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» мерекелік шарасын  бес мыңнан астам халық тамашалады. 

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі: Instagram

Ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне келген қонақтарды аймақтағы этнос өкілдері ән салып, би билеп 12 түрлі ұлттық тағамнан әзірленген  «Алғыс» дастарханымен қарсы алды.  

Өңірдегі орыс, дүнген, әзірбайжан, түрік, күрді сынды өзге де этнос өкілдері қазақ халқына алғыстарын білдіріп, құрмет көрсетті.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі: Instagram

Салтанатты шараның ашылуында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған қауымды «Алғыс айту» күнімен құттықтап, 

«Алғыс айту күні – тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленген түрлі этнос өкілдерінің киелі қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының ашық белгісі. 
Бүгінде біздің қасиетті Жамбыл жерінде 87 этнос, 21 этномәдени бірлестік өкілдері Ассамблея құрамында бірлік пен татулықта өмір сүруде. Облысымызда  күрді, түрік, дүнген және өзге де ұлттар тығыз шоғырланған 5 аудан бар. Көпұлттылық – біздің басымдығымыз, бірлік – сарқылмас байлығымыз» , - ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, мерекеге қонақ болып келген Қазақстанның халық әртісі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Тұңғышбай Жаманқұлов: "Еліміздің басты байлығы – бірлік ен ынтымақ. Оны әрбір азамат қадірлеп, құрмет тұтуы тиіс" деп, ниетін білдірді.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі: Facebook

Ал, «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің өкілі Лариса Калькова мен «Барбанг» күрділер ассоциациясының ардагері Сабри Асанов бұл мерекенің бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталып, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғыстарын білдірді.

Мерекелік шарада этностардың алғысына арқау болған театрландырылған қойылым көрсетіліп, «Рахмет саған туған жер» атты концерттік бағдарлама, спорттық ойындар ұйымдастырылды. 

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі: Instagram

Қордай ауданында да «Бірлігі жарасқан, туған жерім-Қордайым» атты фестивалі ұйымдастырылып, аудан қонақтарына «Алғыс дастарханы» жайылып, киіз үйлер де тігілді. Түрлі этностардың әсем әндері шырқалып, тұрғындар ризашылықтарын білдірді. 

Айта кетейік, облыста жаңа сипатта әрі жаңа мазмұнда бастау алған мерекелік шаралар наурыз мейрамындағы айтулы күндерге жалғасатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843331-zambylda-algys-ajtu-kni-ajryksa-atalyp-tti/

pixel