Жалдамалы пәтері өртеніп кеткен жеті балалы отбасыға кәсіпкерлер 6 бөлмелі үй сыйлады
Жарияланған күні:
Қыстың соңғы айында баспанасы өртеніп, үйсіздер қатарына қосылған көп балалы отбасыға қайырымды кәсіпкерлер үй сыйлады. Жеті балалы ерлі-зайыптылар енді алты бөлмелі үйде қуанышты күндерін өткізбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қыстың соңғы айында 7 баласымен далада қалған Шенгелбаевтар отбасы Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аулында бір бөлмені жалдап тұрған. Пәтерлерінен өрт шығып, сол сәтте үйде ешкім болмапты.
Араға көп күн салмай облыс әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен жеке кәсіпкерлер бұл отбасына 6 бөлмелі баспананың кілтін табыстаған.
13 жыл пәтер жалдап келген бұл отбасының қуаныштарында шек жоқ. Жанұяның басшысы Бауыржан Шенгелбаев жомарт жандарға алғысын жаудырды.
"7 баланың әкесі, шешесіміз. Қуаныштымын!. Облыс әкімі Амандық Баталов ағамызға рахмет, Жомарт ағамыз, Жолан ағамыз, Асыл ағамызға, бүкіл халқыма рахмет айтамын, көп-көп!. Бәрінің отбасында осындай қуаныш, бақыт болсын деп тілеймін", - деді отағасы Бауыржан Шенгелбаев.
Сондай-ақ үйдің отанасы Ботагөз Байтоқова көз жасына ерік беріп, бірнеше күнне бері қолдап жатқан халыққа ризашылығын білдірді.
Талғар ауданының әкімі Жолан Омаровтың айтуынша, бұл іс Амандық Баталовтың тікелей қадағалауымен жүзеге асқан.
"Амандық Ғаббасұлының тікелей тапсырмасымен, қадағалауына сәйкес, осы кіслер үйлі болды. Орталықтандырылған газ құбыры, суы бар, моншасы бар, погребі бар үлкен 6 бөлмелі үй алып беріп жатыр. Мектептің қасында 500 метр жерде орналасқан. Бұл енді өрт болғаннан кейін балаларды далада қалдырған жоқпыз", - деді әкім.
Еске сала кетсек, бұған дейін KAZ.NUR.KZ Шенгелбаевтар отбасының қыстың соңғы айында жалдап тұрып жатқан үйі өртеніп кетіп, далада қалғанын жазған едік.
Сол кезде үйдің отағасы Бауыржан Шенгелбаев 13 жылдан бері әркімнің босағасында жүргенін айтқан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843532-zaldamaly-pteri-rtenip-ketken-zeti-balaly-otbasyga-ksipkerler-6-blmeli-j-syjlady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.