Екі қолымен ғана әлемге әйгілі брендтердің жарнамасына түсетін модель кім
Жарияланған күні:
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының 37 жастағы тұрғыны Эшли Ковингтон бүгінгінің ең табысты модельдерінің бірі. Ол, нақтырақ айтқанда оның қолдары, әлемге әйгілі брендтердің жарнамасына түсіп, күн көріс қамын жасауда. KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап танымал жарнамалардың ар жағындағы кейіпкердің жұмысынан үзінді ұсынды.
37 жастағы Эшли Ковингтон кәсіби қол моделі. Ол модельдік мансабын 14 жасында, телевизиялық және баспа жарнамаларымен айналысатын модельдік агентітктерге жалға беріп, бастады.
Бұл Элшидің күнделікті нанын тауып жеуге көмектесетін қолдары. Нақтырақ айтқанда ол қолдарын жарнамаға түсіру арқылы күн көреді.
Оның қолдары әлемнің ең танымал Dior, Maybelline, Rolex және Sephora секілді брендерінің жарнамасына түседі.
Өз мансабында Эшлидің қолы көптеген дүниелерге тиді. Мәселен, мына суретте ол жыланды ұстап тұр.
Эшли Нью-Йоркте тұрады, алайда ол кезекті түсірілімге қатысу үшін мемлекеттің кез келген бұрышына ұшып барады.
Кейде ол, тіпті, танымал адамдардың қолдарының орнына өз қолдарын жалға береді. Мәселен, мына Maybelline компаниясының жарнамасына әйгілі Адриана Лиманың емес, Эшлидің қолы түскен.
Осы жарнамадан кейін оның ісі алға өрмелей бастады. Бір қызығы, оның әжесі 1930 жылы бір басылымға арналған түсірілімде қол модельі болып берген. Эшли қолдарының әжесінен қалған мұра екенін айтып, әзілдейді.
Бір қарағанда жеңіл іс болып көрінетін бұл жұмыс шын мәнінде көп дайындықты қажет етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Париждегі сән апталығында модельдер подиумға бетпердемен шыққанын жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843689-eki-kolymen-gana-lemge-jgili-brendterdi-zarnamasyna-tsetin-model-kim/