Париждегі сән апталығында модельдер подиумға бетпердемен шықты
Опубликовано:
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан сән апталығында сәнбикелер подиумға қорғаныш бетперделерін киіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Harper's bazaar-ға сілтеме жасап.

24 ақпанда бастау алған Париждегі сән апталығында дизайнер Marine Serre 2020 жылдың күзіне арналған топтамасын ұсынған. Сән әлемінің жұлдызы түрлі киімдерден бөлек, модельдерге респиратор-бетперделерді кигізген.

Бұл образдар коронавирус эпидемиясының әлемге таралып жатқан сәтінде өте өзекті болып отыр. Аталмыш сән апталығына қатысуды жоспарлаған алты қытайлық дизайнер іс-шарадан бас тартыпты.
Айта кетсек, Париждегі Бельвиль қытайлық ауданы карантинге жабылған.

Осылайша медицина мамандары инфекциямен күресу үшін киюге кеңес берген медициналық бетперделер сән әлемінде трендке айналып отыр.

Дизайнердің жұмысы қарапайымдығымен ерекшеленген. Сәнбикелердің денесі максималды түрде жабылған. Marine Serre-нің туындыларында әйелдерге тән нәзіктік басым.

Еске сала кетсек, коронавирустың салдарынан Италияның Милан қаласында атақты Georgia Armani брендінің сән көрсетілімі көрермендерсіз өткен еді.
Танымал дизайнер мұндай қадамға көпшіліктің қамын ойлап барған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843136-parizdegi-sn-aptalygynda-modelder-podiumga-betperdemen-sykty/