Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХОК: Токиодағы олимпиада ойындары белгіленген уақытында өтеді

Опубликовано:

Биылғы жылы Токиода жоспарланған жазғы олимпиада ойындары белгіленген уақытта – 24 шілдеден 9 тамыз аралығында өтеді. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) коронавирус індетіне қарсы тұру шараларын талқылай келе, осындай шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

ввввв
Фото: prosports.kz: Facebook

Комитет жарысқа қатысатын барлық спортшыны дайындықтарын жалғастыра беруге шақырды.

Бірнеше ел Токиодан Олимпиаданы жыл соңына қалдыруды сұраған. Бірақ бұл шешімді тек ХОК қабылдайды.

Жапония билігінің өзі Олимпиадаға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан. Дайындыққа 12 млрд доллар бөлініп қойыпты. Сол себепті төрт жылда бір рет өтетін жазғы спорт додасы кейінге шегерілмейді.

Естеріңізге сала кестек, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 індетінің жаңа түрін жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болды.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

Сондай-ақ, күні кеше басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.

Көп ұзамай бұл ақпаратқа еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843821-hok-tokiodagy-olimpiada-ojyndary-belgilengen-uakytynda-tedi/

pixel