"Шымкент Плазада" коронавирус жұқтырған адам анықталғаны рас па (видео)
Жарияланған күні:
WhatsApp мессенджерінде "Шымкент Плаза" СОО-да коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жалған ақпаратпен видео таратқан қала тұрғыны ұсталды. Ал ірі сауда орталықта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген болып шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.
Көпшілікке шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқан азаматты Шымкент қаласы полиция департаменті әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
ТЖД мәліметіне сәйкес, "Шымкент- ТМД елдерінің мәдени астанасы" бағдарламасы аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының аумағында орналасқан барлық ірі сауда орындарында арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған.
Осы орайда, 2020 жылғы 3 наурызда алдын ала бекіткен жоспарға сәйкес сағат 10:17-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл-Фараби алаңындағы "Шымкент Плаза" ойын-сауық сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-сабағы өткізілген.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 індетінің жаңа түрін жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болған.
Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.
Сондай-ақ, күні кеше басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.
Көп ұзамай бұл ақпаратқа еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді.
Ал Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі мессенджерде коронавирус жайлы жалған хабар таратқаны үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, арнайы үндеу жолдады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843847-symkent-plazada-koronavirus-zktyrgan-adam-anyktalgany-ras-pa-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.