Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банк такси жібереді: 8 наурызда қазақстандық аруларды айрықша науқан күтіп тұр

Опубликовано:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Хоум Кредит Банкі» «Яндекс.Такси» онлайн такси шақырту қызметімен бірлесе отырып, нәзік жанды клиенттерін қуантпақ ниетте наурыздың 7-сі мен 9-ы күндері аралығында жолақысына 100%-дық кешбэк түрінде сый ұсынбақшы.

Банк такси жібереді: 8 наурызда қазақстандық аруларды айрықша науқан күтіп тұр

Науқанға қатысу шарттары оп-оңай. «Home Card» дебетті картасын немесе «ДОС» несие картасын рәсімдеген кез келген қазақстандық әйел автоматты түрде банк пен «Яндекс.Такси» ұсынып отырған «100%-дық кешбэк» науқанының қатысушысы атана алады.

«Біз бұл науқанды 8 наурыз қарсаңында өткізуіміздің себебі, нәзік жанды клиенттерімізді қуантып, банк тарапынан оларға айрықша қошемет көрсеткіміз келіп отыр. Барлық қаражат карта иесінің бонустық шотына түсіп отырады. Кейін бұл бонустарды «шынайы» ақшаға конверсиялап, өз қажеттілігін өтеуге немесе жақындарын қуанту үшін жұмсауына болады», - дейді «Хоум Кредит Банкінің» маркетингтік коммуникациялар басқармасының басшысы Айдарбаева Лилия.

Науқан кезінде жүрілген жолдың жалпы құнына қарай түсетін кешбэктің максималды сомасы 15 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін және шоттан ақшаны шешіп алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Науқанға "Хоум Кредит Банкінің" картасын қолданып жүрген және жаңадан аштырған әйелдер қатыса алады.

Карталар бірқатар артықшылықтарға ие екені сөзсіз. Мәселен:

  • карталардың тегін шығарылуы;
  • Home Card бойынша тегін қызмет көрсету;
  • ҚР кез келген банк карталарына тегін ақша аудару мүмкіндігі;
  • құны жоғары кешбэк;
  • жиналған бонустарды шын ақшаға айналдыру мүмкіндігі;
  • қолма-қол қаражатты комиссиясыз шешіп алу және т.б.

Әр картаның шарттарымен танысып, олардың қайсысы сізге сай келетінін анықтау үшін келесі сілтемелерге өтіңіз: «Home Card», «ДОС».

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843942-bank-taksi-ziberedi-8-nauryzda-kazakstandyk-arulardy-ajryksa-naukan-ktip-tr/

pixel