Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жолаушыларды көліктің төбесіне мінгізіп алған жүргізушінің видеосы тарады

Опубликовано:

Түркістан облысында жүргізуші жолаушыларды өз көлігінің төбесіне отырғызып тасыған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

таксисьт
Видеодан кадр: Facebook

Әлеуметтік желілер арқылы бірнеше адамның көліктің төбесіне отырып, жолға шыққаны бейнеленген видео тарап кетті.

ВАЗ-2106 маркалы автосының төбесіндегі бір топ адамды екінші бір көлік ішіндегілер түсіріп алған. Роликті таспалаған ер адам "Мыналардың отырысын қарашы" деп пікір білдірген.

Аталмыш видео Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің назарына ілікті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізушінің кім екені анықталған. Жигулидің иесі Ордабасы ауданында тұрады.

Ордабасы аудандық полициясының қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты 593-бап (Жолаушылар және жүк тасымалдау талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтыратыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, Алматыда таксист пен жолаушының төбелескен сәті видеоға түсіп қалған еді. Жүргізуші мен жолаушы арасындағы дау төлемге байланысты туындаған.

Алматы ПД хабарлауынша, екеуі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, олардан жауап алынған. Жанжалшылардың әрекетіне құқықтық баға берілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844038-trkistan-oblysynda-zolausylardy-klikti-tbesine-mingizip-algan-zrgizusini-videosy-tarady/

pixel