jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Сауд Арабиясы коронавирустың әлемге тарап кеткені үшін Иранды айыптады

: Facebook

Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа түрі әлемге таралып, адамдар өміріне қауіп төнгені үшін Иранды айыптап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы коронавирустың әлемге тарап кеткені үшін Иранды айыптады
Көрнекі фото: Getty Images / Hindustan Times: Facebook

Сауд Арабиясы әлемде коронавирус таралып жатқан уақытта саудиялықтардың Иранмен шекарадан белгіленбей өтіп кетуіне мүмкіндік берген Иранның жауапсыз әрекетін айыптайды.

"Осылайша Иран коронавирус жұқтыру жағдайы, оның әлемге таралуы және адамдар өміріне қауіп тудырғаны, осы аурумен күресу жөніндегі халықаралық күш-жігерге зиян келтіргені үшін тікелей жауапкершілік алады", - деді саудиялық билік өкілі.

Сондай-ақ, шенеунік 1 ақпаннан бастап елге жасырын кірген саудиялықтардың аты-жөнін жариялауды Ираннан талап етті.

Сонымен қатар Сауд Арабиясы Иранда болып, елге соңғы апталарда оралған саудиялықтарға тез арада медициналық тексерістен өтуді бұйырған.

Билік өкілдері Иранға сапарлауға тыйым салынғанын, оны бұзуға тырысқандар үшін қатаң жаза қолданылатынын да еске салды.

5 наурызда ел билігі Ираннан Кувейт не Бахрейн арқылы келген тағы үш азаматтан коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Сонымен мемлекет аумағында вирус жұқтырғандар саны бес адамға жетіп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік. Әзірге мұсылмандар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды.

Кейін ел билігі 7 елдің азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатқаны да белгілі болды. Олардың арасында Қазақстан да бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сауд Арабиясы коронавирустың әлемге тарап кеткені үшін Иранды айыптады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.