Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен соңғы жолаушы ауруханадан шықты

Опубликовано:

Алматы маңындағы Bek Air ұшағының апаты кезінде зардап шеккен жолаушы ауруханадан шықты. Ол апаттан кейін ем-дом қабылдап жатқан соңғы пациент болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы: UGC

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурызда Дәулет есімді азамат №4 қалалық клиникалық ауруханадан шығарылған.

Ол клиникаға жедел жәрдем бригадасымен 2019 жылғы 27 желтоқсанда жеткізіліп, стационарда 70 тәулік болған. Оған 8 хирургиялық ем-дом шаралары жасалған.

Дәулет күрделі емдеу шараларынан өтіп, екі айдан аса уақыт ауруханада болған.

Дәрігерлер оның аяғын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Өз кезігінде жас жігіт ақ халаттыларға алғысын жеткізді.

"Дәрігерлерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді, олар менің жақын бауырларымдай болып кетті. Бұл адамдар мені аяққа тұрғызуға бар-күш жігерін салды. Бізде осындай білікті хирургтер бар екеніне қуаныштымын", - деді Дәулет.

№4 Қалалық клиникалық ауруханасы асқынған жарақат және іріңді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рафаэль Гайсин Дәулет алдағы уақытта тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Дәулет Қожаберген белгілі әнші Ернар Айдардың директоры. Өнер иесі бұған дейін Дәулеттің жағдайын айтып, оған төрт-бес ота жасалғанын мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844381-bek-air-sagy-apatynan-zardep-sekken-sogy-zolausy-auruhanadan-sykty/

pixel