Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған, деп хабарлайды облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен, ҚР Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Данияр Таханов тағайындалған.
Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін "Өндірістік-коммерциялық басқару" және "Өндірістік экономика" мамандықтары бойынша бітірген. "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2009 жылы "ҚазҚұрылысСервис" АҚ-да бастап, түрлі лауазымда қызмет атқарған. 2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеген.
2012-2017 жылдары "Орал" ӘӘК басқарма төрағасының орынбасары және "Atyrau Innovations" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
2017 жылдан бастап "Атырау" ӘӘК" АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы болып қызмет еткен.
2022 жылғы мамырдан бері "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған.
Аймақ басшысы Болат Ақшолақов жаңа әкімге халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмысты жолға қоюды тапсырған.
Сонымен қатар жұмыспен қамтуға, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, кәріз және электрмен қамту жүйесін жаңартуға, жылыту науқанына, тұрғындарды апатты үйлерден көшіруге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қаланы көркейтуге баса назар аударуды жүктеген.
Бұдан бөлек, өңір әкімі қалаға қатысты мәселелерді шешуде депутаттармен және тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігін атап өткен.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Шәкір Кейкин өз еркімен Атырау қаласының әкімі қызметінен кеткен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2435869-atyrau-qalasyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/
