Алматыда әйел құқықтарын ұрандатқан арулар көшеге шықты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Алматыда феминизмді жақтаушылардың санкцияланбаған шеруі өтті: бірнеше ондаған қыз-келіншек әйелдер құқықтары туралы ұрандатып, оңтүстік астананың көшелерімен жүріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нәзік жандылар қолдарына қазақ және орыс тілінде жазылған плакаттарды ұстаған.
Шеру кезінде – "Әр әйел – жалғызым", "Мен қауіпсіздікте болғым келеді" деген сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұрандар айтылды.

Арулар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандыруды, сексуалды алымсақтық туралы заң қабылдауды, сондай-ақ зорлаушыларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармауды талап етуде.

Сондай-ақ бірнеше ер азамат нәзік жандыларды қолдап, шеруге қатысқан.

Шеруге қатысушылар жыл сайын жүздеген арудың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатынын, алайда, көбінесе мұндай істердің тиісті түрде қаралмайтынын және қоғам назарына ілінбейтінін тілге тиек етті.

Аталған шерудің қала билігімен келісілмегенін айта кету керек. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, олар шараның өтетіні жайлы әкімдікті ескерткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы жұбайларына қол көтеретін ер азаматтарды көше жұмысына жегуді ұсынған болатын. Осылайша, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тойтарыс бермек.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844470-almatyda-jel-kkyktaryn-randatkan-arular-ksege-sykty-foto-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 3
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Осыған еркектерді жеткізген әйелдердің өздері кінәлі, , еркек пен тең правалымыз, деп ойына келгендерін жасап, еркек пен жарысып арақ ішіп темекі тартып,ауыздарына қара ит кіріп көк ит шығады, еркектің бәрін қаматып не істемек ойларың бар, баяғыда ашқабадта туркменстан қатын қыздары көше шығып ашық ойнастық жасаған ерлеріне бағынбай,көп ұзамай ашқабадтты жер жұтты қақ айырылып,АЛЛА сондайдан сақтасын, Бүгінгі мерекелеріңмен АЛЛА сабыр берсін,негізі ер адамның алдын кеспеу керек қатын деген,кепегендерің өздеріңе жақсы өсіп өнулеріңе болашақ ұрпаққа.қатындардын бәрі бірдей емес бірақ көбейді осы заманда.
Әділаты
Осыған еркектерді жеткізген әйелдердің өздері кінәлі, , еркек пен тең правалымыз, деп ойына келгендерін жасап, еркек пен жарысып арақ ішіп темекі тартып,ауыздарына қара ит кіріп көк ит шығады, еркектің бәрін қаматып не істемек ойларың бар, баяғыда ашқабадта туркменстан қатын қыздары көше шығып ашық ойнастық жасаған ерлеріне бағынбай,көп ұзамай ашқабадтты жер жұтты қақ айырылып,АЛЛА сондайдан сақтасын, Бүгінгі мерекелеріңмен АЛЛА сабыр берсін,негізі ер адамның алдын кеспеу керек қатын деген,кепегендерің өздеріңе жақсы өсіп өнулеріңе болашақ ұрпаққа
Аскаааааар
Дұрыс
Әділаты