Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясы: Жаппай шектеу шаралары қашанға дейін жалғасады

Опубликовано:

2020 жылдың 12 наурызында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте COVID -19 инфекциясы пандемия статусына ие болғандықтан бірқатар ерекше шектеу шаралары енгізілгені туралы хабарланды. Сондай-ақ Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың қанша уақытқа созылатыны туралы сұраққа жауап берілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавиурс пандемиясының салдарынан шектеу шаралары қашанға дейін жалғасады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов республика аумағында инфекцияның таралуына қарсы шектеулердің қай уақытқа дейін жалғасатыны туралы жауап берді.

Спикер барлық негізгі шаралардың белгілі бір мерзімі жоқ екенін және болашақта үкімет коронавирустың әлемде таралуына байланысты жағдайды негізге алатынын айтты.

Сондай-ақ, бұл орайда ҚР аумағындағы ауруды жұқтырып алуы мүмкін адамдардың анықталуы да әсер етуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, ОКҚ-дегі брифинг кезінде бірқатар маңызды хабарландырулар жасалды.

Айта кету керек, Қазақстанда үкімет шешімімен алдағы Наурыз мерекесіне байланысты барлық ірі іс-шаралар тоқтатылады. Бұған коронавирус қаупі себеп болды.

Сондай-ақ, қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845043-koronavirus-pandemiasy-zappaj-sekteu-saralary-kasanga-dejin-zalgasady/

pixel