Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы азық-түлік дүкендерінде не болып жатыр

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде коронавирусқа қатысты жаңалықтарға байланысты отандық супермаркеттерде дүрбелең болып жатқаны туралы ақпарат тарады. Онда дүкендер кезекке толы екені, азық-түлік таусылуға шақ қалғаны айтылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қазір хабарламада айтылған жағдай қай қалада және қандай супермаркеттерде болып жатқаны белгісіз.

NUR.KZ тілшілері ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін алматылықтар мен астаналықтар арасында танымал дүкендерге барып қайтты.

"Promenade" сауда орталығындағы Magnum "Super"

Журналистер аталған супермаркетте бүгін, 12 наурыз күні сағат 15:00 мен 16:00 аралығында болды. Сатып алушылар арасында ешқандай дүрбелең жоқ, касса алдында кезек те көп емес. Азық-түлік жетіспеушілігі байқалмады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Гоголь көшесіндегі Magnum

Тілшілер супермаркетке бүгін, 12 наурыз күні 16:20 шамасында барды. Халық арасында ешқандай шу жоқ, сатып алушылар сабырлы күйде және кезек байқалмайды. Дүкендер азық-түлікке толы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Нұр-Сұлтандағы Уәлиханов көшесіндегі Magnum

Басылым журналистері дүкенге бүгін, 12 наурыз күні сағат 17:00 шамасында келіп жетті. Дүрбелең жоқ, кассадағы кезек те қалыпты. Бірақ айта кету керек, кейбір сатып алушылар ұн мен жарна түрлерін қаппен сатып алып жатыр. Сондай-ақ, астаналықтар картоп пен дәретхана қағазын белсенді түрде алуда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Алматыдағы "Москва" сауда орталығындағы Magnum

Басылым тілшілері бұл дүкенде бүгін, 12 наурыз шамамен сағат 17:15- те болды. Супермаркетте ешқандай у-шу жоқ, кассалар штатты режимде жұмыс істеуде. Бірақ кей алматылықтар ұнды қаппен сатып алып жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Алматыдағы "Глобус" сауда орталығындағы Рамстор

Аталған супермаркетте ешқандай кезек жоқ. Сатып алушылар да аз. Сөрелер азық-түлікке толы. Журналистер дүкенге бүгін, 12 наурыз күні сағат 17:30- да барды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Нұр-Сұлтандағы "Астаналық" сауда үйі

Тілшілер сауда үйіне бүгін, 12 наурызда сағат 17:30-да ат басын бұрды. Азық-түлік базарында көп адам байқалмайды. Мұнда арнайы дыбыс құрылғысы арқылы базардың бұрынғы режимде жұмыс істейтіні хабарланып жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ал жұмыс күні аяқталған соң, яғни, сағат 18:00-ден кейін Алматыдағы Гагарин көшесінде орналасқан Magnum супермаркетіне келушілердің саны артып, кезек туындай бастады. Тұтынушылардың көптігіне қарамастан, дүкен азық-түлікке толы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ал Нұр-Сұлтан супермаркеттерінде дүрбелең байқалмайды, бірақ сатып алушылар саны әдеттегіден көп.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, вице-премьер Қазақстанда коронавирус пандемиясы салдарынан азық-түлік жетіспеушілігі болмайтынын айтып, халықты сендіріп отыр.

Одан бөлек, Ералы Тоғжанов той мен туған күндерді, басқа да жанұялық шараларды өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға кеңес берді.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айына жоспарланған ақылы форматтағы ҰБТ кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Әзірге түлектер маусым айында міндетті тестілеуді тапсыра ма, жоқ па- белгісіз.

Бүгінде Қазақстан бірқатар елмен әсіресе Еуропа елдерімен әуе хабарламасын тоқтатты. Рейстер саны аптасына 1-2 -ге дейін қысқарды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, коронавирус пандемиясына сәйкес енгізілген шектеу шаралары қашанға дейін жалғасары белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанда әлемге тараған коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845105-almaty-men-nr-sltandagy-azyk-tlik-dkenderinde-ne-bolyp-zatyr-foto-video/