Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа шалдыққандарды қалай емдейді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандарды қалай емдейтінін айтып берді. Ол жаңа COVID-19 жеңіл түрі арнайы емсіз-ақ емделуі мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Елжан Біртановтың айтуынша, Қазақстан емдеу үлгісінде инфекция таралған елдердің тәжірибесіне, сондай-ақ ДДСҰ ұсыныстарына сүйенеді.

Ол әлем бойынша инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігінде аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, бұндай жағдайда арнайы емдеу шараларын қолданбай-ақ емделуге болады. Атап айтқанда, суды көп мөлшерде ішіп, асқынуға қарсы дәрі-дәрмек ішу жеткілікті.

Мысалы, Еуропада вирустың жеңіл түрі анықталған адамдарды ауруханаға жатқызбайды – олар үйде оқшауланады.

Коронавирус инфекциясының орташа деңгейі жөтел мен дене қызуы көтерілгенде байқалады. Бұл жағдайда оларды ауруханаға жатқызу талап етіледі. Егер адамдар өздерінде аурудың белгілерін байқаса, бірден жедел жәрдем шақыруы тиіс. Сондай-ақ коронавирус анықталған адаммен байланысқа түскендердің де жедел жәрдемге жүгінуі қажет.

Инфекцияның ауыр түрі вирусқа қарсы препараттармен емделеді – шетелде осындай шарлар қабылданады. Шетелде қолданылатын мұндай дәрі-дәрмектер Қазақстанда да бар. Сондықтан қажет болған жағдайда олар да қолданылады.

Айта кетейік, 13 наурызда елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елімізде коронавирус дерегі анықталғанын, дегенмен қазақстандықтардың бұл қиындықтарды сенімді түрде еңсеретінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845277-elimizde-koronaviruska-saldykkandardy-kalaj-emdejdi/

pixel