Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырған төртінші адам анықталды

Опубликовано:

Алматыда коронавирус жұқтырған төртінші адам тіркелді. Қауіпті инфекция Германиядан келген Қазақстан азаматынан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде коронавирус жұқтырған төртінші адам анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тағы бір коронавирус жұқтыру дерегі анықталғанын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Оның сөзін Sputnik Қазақстан басылымы жариялаған.

Ахметшәріптің айтуынша, төртінші вирус жұқтырған азамат 1976 жылы туған. Ол Германиядан әуе рейсі арқылы келген. Оған диагностика жасалып, нәтижесінде инфекция расталған. Қазір науқас медициналық бақылауда және ем қабылдап жатыр.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Әйел Италиядан ұшып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845338-elimizde-koronavirus-zktyrgan-trtinsi-adam-anyktaldy/

pixel