Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада коронавирусты анықтайтын орталық ашылады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы бірер күннің ішінде елордада коронавирусқа тексерілуге арналған орталық ашылатынын айтты. Тұрғындар мен қала қонақтары сараптама үшін қан не жағынлы тапсырса жеткілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

вирус
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта сынама тапсыратын орын белгісіз. Бұл Ұлттық сараптама орталығындағы ғимарат немесе жергілікті емханалардың бірі болуы мүмкін.

Ғимаратқа арнайы кіру есігін жасау жоспарлануда. Медицина мамандары сынамаларды қорғаныш костюмдерінде алады.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімзде төртінші адамнан коронавирус анықталды. 1976 жылы туған қазақстандық Алматыға Германиядан келген.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Әйел Италиядан ұшып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!м

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845341-elordada-koronavirusty-anyktajtyn-ortalyk-asylady/

pixel