Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 93-ке жетті

Опубликовано:

Ресей Федерациясында COVID-19 вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны 93-ке жетті. Олардың төртеуі дерттен айыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Инфекцияның таралуы жайында ақпаратты Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова ұсынды.

"РИА Новости" мәлімдеуінше, 86 дерек отанына оралған ресейліктерден анықталған. Ал жетеуі бірінші топтағы адамдармен байланысқа түскеннен кейін ауырған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл- ауқаты саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметке әр өңірге вирусты анықтайтын тест-жүйелерді жеткізу табысталған.

Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында еңбек министрлігіне еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу тәртібін қайта қарауды міндеттелді. Бұл жұмысқа орналасқан азаматтар карантинге түскен жағдайда табыстан айырылып қалмауы үшін жасалған.

Бүгінде COVID-19 жұқпалы дерті әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Күні кеше коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі коронавирус таралуының алдын алу шарасына қатысты мәлімдеме жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845727-resejde-koronavirus-zktyrgandar-sany-93-ke-zetti/

pixel