Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұрыс қадам": Коронавирусқа байланысты Алматыдағы тойлар кейінге қалып жатыр

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай режимін жариялаған соң, сәуір-наурыз айындағы үйлену тойлары кейінге шегеріліп жатыр. Бұл туралы асаба Мәди Рысбек KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Фото: Мади Рысбектің жеке парақшасы
Фото: Мади Рысбектің жеке парақшасы: Instagram

Айта кетелік, коронавирус қаупі бүкіл әлемді жайлап, Қазақстанда да дертті жұқтырған адамдар саны артуда.

Осыған орай, елімізде той жасап, ас беруге уақытша тыйым салынды.

"Бірнеше күннен бері тапсырыс берген той иелері хабарласып, үйлену немесе ұзату тойларын кейінгі қалдырғанын айтып жатыр. Нақтылап айтар болсам, 21, 22, 23 наурыз күндеріне тапсырыс алған едім. Бірақ коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған соң, кейінге шегеріліп жатыр. 5 сәуір күні өтетін той иесі де хабарласып, жағдайды түсіндіруде. Әрине, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан мұны дұрыс қадам деп есептеймін", - дейді Мәди.

Алматылық асабаның айтуынша, тойды кейінге қалдырғанның бір ғана кемшін тұсы бар.

"Көктемде өтетін тойлар шамамен жазға қарай жасалатын шығар. Осы сәтте біздерге, асабаларға аздаған қиындық туындайды. Өйткені, жаз кезіне алып қойған тапсырысты өзгерте алмайсың. Ал көктемдегі тойлар кейінге қалып, барлығы бір мезетте ұйымдастырылуы мүмкін", - дейді ол.

Дегенмен, Мәди Рысбек мұндай қауіпті дерт сынақ үшін беріліп жатыр деген пікірде.

"Шыны керек, бізге де осындай сәт керек болған сияқты. Өйткені, адамдар тәубасын ұмытып кетті. Шүкір айтушылар азайды. Ашкөздік басып кетті көпшілікті. Осы сәтте жаратушымыз бәрін тәубасына түсіру үшін бұл сынақты берді деп ойлаймын. Бұл қауіптің де тезірек беті қайтар. Ең бастысы – халқымыз аман болсын", - дейді ол.

Еске сала кетсек, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845842-drys-kadam-koronviruska-bajlanysty-almatydagy-tojlar-kejinge-kalyp-zatyr/

pixel