jitsu gif
Денсаулық

    Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін

    : Getty Images

    ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі СОVID -19-тың таралуы қашан төмендейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін
    Көрнекі фото: Yin Liqin/China News Service via Getty Images: UGC

    Елжан Біртанов "Еуразия" бірінші арнасының эфирінде елдегі коронавирус бойынша қазіргі эпиджағдай туралы айтып берді.

    Оның айтуынша, бүгінде елімізде 33 COVID -19 оқиғасы расталған, олардың ішінде екі жасар бала бар. Барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

    Журналистер ел тұрғындарына вирустың таралу динамикасының төмендеуін қашан күтуге болатынын сұрады. Біртанов бұл сұраққа нақты жауап жоқ екенін айтты. Бірақ басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, ол карантин Оңтүстік Корея мен ҚХР сияқты 2-3 аптаға созылатынын айтты.

    Министрдің айтуынша, Еуропада да оң динамиканы байқауға болады. Оның айтуынша, 3-3,5 апта ішінде жағдай тұрақтала бастады. Біртановтың пікірінше, дәл осы карантиндік шаралар жағдайды тұрақтандыруға көмектесті.

    Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Осылайша, инфекцияға шалдыққандар саны 33 адамға ұлғайды.

    Әлем бойынша аталған вирусты

    180 мыңнан астам адам жұқтырған.

    Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Дегемен 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.