Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блок бекеттерінде әскерилер қызметіне кірісті (фото)
Опубликовано:
Қазақстандық әскерилер 19 наурыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілгеннен кейін аталған мегаполистердің айналасындағы өткізу бекеттерінде қызмет етуде. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Ведомство мәліметінше, бұнда әскери қызметкерлер, Ұлттық гавардия мен Ішкі істер министрлігінің мамандары болады.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блок-бекеттерде Қарулы Күштер әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің ұйымдастырылуын Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен ҚР ҚК Бас штабы бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов тексерді.

Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлу, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі, қызмет кезіндегі кез келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды.
Cоңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.
Аталмыш екі қалады 19 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846318-nr-sltan-men-almatydagy-bolg-beketterinde-skeriler-kyzmetine-kiristi-foto-video/