Қарағандыда екі, Алматыда тағы үш адамнан коронавирус табылды
Жарияланған күні:
Қазақстандағы коронавирустық жағдайға байланысты соңғы деректер белгілі болды. Енді инфекция тіркелген қалалар тізімінде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек Қарағанды қаласы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.
Осылайша, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында тіркелген.
Еске сала кетсек, кеше елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 44 болған. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда тіркелген еді.
Сонымен қатар, Алматы қаласында инфекцияның ошағына айналған 11 орын анықталды. Олардың әрқайсысы әртүрлі аудандарда орналасқан. Қазіргі уақытта шаһар басшылығы аталмыш орындарды бақылауға алған.
Сондай-ақ Италияда бәр тәулікте инфекциядан 420 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамды құрап отыр.
Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.
Италияда COVID-19 инфекциясынан 4,4 мың науқас айыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846439-karagandyda-eki-adamnan-koronavirus-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.