Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзірбайжан астанасы коронавирусқа байланысты жабылды

Опубликовано:

Әзірбайжан астанасы Баку коронавирусқа байланысты жабылды. Қалаға басқа өңірлерден келетін автокөліктерге кіруге тыйым салынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: avianews.com
Көрнекі фото: avianews.com: Instagram

Билік режим бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Әзірбайжан министрлер кабинеті жанындағы оперативті штаб Бакуге, Сумгаит қаласы мен Апшерон ауданына кіруге шектеу қойылғанын хабарлады.

Үкімет сайтындағы хабарламада аталған шешімнің COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қабылданғаны айтылған.

Штаб шешіміне сәйкес, 19 наурыз түн ортасында Баку, Сумгаит қалалары мен Апшерон ауданына елдің басқа өңірлерінде немесе қалаларында тіркелген автокөліктерге кіруге тыйым салынды.

Олардың қатарына арнайы мақсаттағы көліктер мен азық-түлік, сондай-ақ, барлық қажетті тауарларды тасымалдайтын жүк көліктері кірмейді.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап елміздің екі ірі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы да коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Дегенмен Алматы тұрғындарына қалаға келуге, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге қайтып кету үшін 72 сағат уақыт берілді.

Ал 22 наурыздан бастап қала толықтай жабылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846483-zirbajzan-astanasy-koronaviruska-bajlanysty-zabyldy/

pixel