Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустан көз жұмғандар жоқ екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде елімізде коронавирустан қайтыс болған адамдар бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Ол мұның жалған мәлімет екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустан көз жұмғандар жоқ екенін хабарлады
Көрнекі фото: Getty Images / Anh Dung: Twitter

Ералы Тоғжановтың хабарлауынша, ақпараттық кеңістікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар арасында қайтыс болғандар бар деген ақпарат тараған.

Вице-премьер елімізде коронавирустық инфекция салдарынан ешкімнің көз жұмбағанын, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Денсаулық сақтау министрлігі де аталмыш ақпаратты жоққа шығарған еді. Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, елімізде инфекциядан қайтыс болған адамның тіркелмеген.

Айта кетсек, мұндай мәлімет Worldometer онлайн дайджестінде пайда болған. Сайттың жазуынша, 19 наурызда Қазақстанда 8 жаңа вирус жұқтыру дерегі мен 3 науқастың өлімі тіркелген.

Осы сағаттағы статистика бойынша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 49. Бүгін таңертең еліміздің тағы бір қаласында вирус жұқтырған екі адам анықталды.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 22 адам Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында тіркеліп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846491-eraly-togzanov-elimizde-koronavirustan-kz-zmgandar-zok-ekenin-habarlady/

pixel