Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер коронавирустан қалай қорғану керектігін айтып берді

Опубликовано:

Тұмауға қарсы екпе адамдардың коронавирус жұқтыру қаупін төмендетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Карабиненконың айтуынша, екпе инфекцияға, соның ішінде COVID-19-ға шалдығу қаупін төмендетеді. Бұдан бөлек, тұмауға қарсы екпе адамның табиғи иммундық қорғанысын жақсартуға көмектеседі.

Дәрігер екпені бірінші кезекте, суық тию ауруларына жиі шалдығатындарға салдыру керектігін жеткізді.

Сондай-ақ маман иммунитеті жақсы адамдардың вирусқа шалдығу қаупі төмен екенін атап өтті.

Карабиненко иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтанып, фаст-фудтан бас тартуға кеңес берді.

Дәрігер-терапевт Людмила Лапаның айтуынша, иммунды жүйені қатайту үшін лактобактериялар мен ферменттерді тұтыну қажет.

Ал вирус пен бактериялардың ағзаға түспеуі үшін мұрынға оксолин майы мен зәйтүн майын жағуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусты суық тиюден қалай ажыратуға болатынын жазған едік.

Қытайдағы Ухань университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846593-drigerler-koronavirustan-kalaj-korganu-kerektigin-ajtyp-berdi/

pixel