Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте шетелден мыңдаған қазақстандық елге оралды

Опубликовано:

Қазақстанның СІМ коронавирусқа байланысты шекараларын жауып алған бес елден мыңдаған азаматтарымыздың елге қайтарылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

шетелден
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Деректерге сүйенсек, 21 наурызда Мысырдағы дипломаттардың күш салуымен Шарм-эль-Шейхтен оңтүстік астанаға 458 Қазақстан азаматы қайтарылған.

СІМ-нің Telegram арнасындағы ресми парақшасында бүгін, 22 наурызда туристік аймақтардан эвакуацаияланған азаматтар мінген қосымша рейс ұшып келетіні хабарланды.

Сонымен бірге, 21 наурызда Жапониядағы ҚР елшілік қызметкерлері елге төрт отандасымыздың қайтуына көмектескен.

Жалпы алғанда, соңғы тәуліктерде елшілік қызметкерлерінің көмегімен Ресей, БАӘ, Грузия, Жапония, Мысыр сынды мемлекеттерден елге мыңдаған адам оралған.

Қазақстан сыртында қалған көптеген отандастарымызды елге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, елордаға әуе байланысы арқылы келген жолаушылар коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырмаса қалаға кіргізілмейді.

Бүгін, 22 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 57 адамға жетті. Сонымен, Нұр-Сұлтанда 31, Алматыда 23, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846793-bir-tulikte-setelden-mydagan-kazakstandyk-elge-oraldy/

pixel