Карантин жарияланған Нұр-Сұлтанның басты көшелері босап қалды
Опубликовано:
Еліміздің астанасы мен Алматыда 19 наурыздан бастап карантин режимі күшіне енді. Ал бүгін аталған екі қала толықтай жабылды. Коронавирустың алдын алу шарасынан кейін қала тұрғындары үйлерінен шықпай отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карантин кезінде сауда орталықтары, сауда-ойын сауық орталықтары, базарлар, бала-бақшалар, сұлулық салондары, мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысы уақытша тоқтатылған.

Сондай-ақ мектептер мерзімінен бұрын демалысқа шығып, университет және колледж студенттері қашықтықтан оқыту әдісіне көшкен.

Сонымен бірге, 22 наурыз, түнгі 00:00-ден бастап қала сырттан келетіндер үшін толық жабылды.
Осыдан кейін елорда әкімдігінің ресми сайтында карантин салдарынан қаңырап, бос қалған астана көшелерінің фотосы жарияланды.

Сайттағы суреттерге қарап, астаналықтардың карантин режимін бұзбай, ережелерді барынша сақтап отырғандары байқалады.



Айта кетсек, кеше белгілі фотограф Дмитрий Доценко төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсіргені хабарланды.
Еске сала кетсек, 19 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.
22 наурыздан, яғни бүгіннен бастап, бұл қалаларға кіруге және шығуға болмайды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846798-karantin-saldarynan-nr-sltanny-basty-kseleri-bosap-kaldy/