Ramada Plaza қонақ үйіне карантинге алынғандар станционардағы жағдайға шағым айтты
Опубликовано:
Бүгін астанаға келген әуе жолаушылары қайта жасақталған Ramada Plaza қонақ үйіне орналастырылды. Азаматтардың сөзінше, мұндағы жағдай көңіл көншітерлік емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордадағы бес жұлдызды қонақ үйге орналасқандар жағымсыз жағдайға тап болған. Қайта жасақталған станционарда матрас жетіспейді, кейбір төсек-орынлар лас, сондай-ақ қонақ үйдің іші салқын.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, дәл осындай жағдайда адамдардың коронавирустың бар-жоғын анықтайтын анализ тапсыруы керек. Осылайша, азаматтар суық жерде кем дегенде бір тәуліктерін өткізеді.

Алайда адамдар тексеру нәтижелерін сырт киімдері және аяқ киіммен, көрпеге оранып отырып күтсе де, өздерін станционар мен карантинге орналастырғандары үшін алғыстарын айтады. Тіпті олар бұл шешімге наразылық танытпайды.
Дегенмен олардың коронавирусты анықтайтын анализін күткендер үшін жағдай жасалса екен деген тілектері бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін бір тәулікте елшілік қызметкерлерінің көмегімен Ресей, БАӘ, Грузия, Жапония, Мысыр сынды мемлекеттерден елге мыңдаған адам оралғаны хабарланды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846809-ramada-plaza-konak-jine-karantinge-alyngandar-stancionardagy-zagdajga-sagym-ajtty/