Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде екі адам коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Ресейде коронавирустан 25 наурыз күні кешкісін тағы екі адам қайтыс болды. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандардың саны үшке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Белгілі болғандай қайтыс болған марқұмдар 88 және 73 жастағы науқастар. Олардан анықталған COVID-19 инфекциясы өкпенің қабынуын тудырған.

Одан бөлек, қарттардың жалпы жағдайының нашарлауына ағзасындағы өзге де аурулар әсер еткен.

Екі пациенттің көз жұмғаны туралы SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша мәскеулік жедел штабтың ресми Telegram арнасы хабарлады.

Сонымен қатар хабарламада жасы егде тартқан адамдар үшін оқшалану мен карантиннің өте маңызды екені айтылған.

Сондай-ақ, созылмалы аурулардан зардап шегетіндерге ерекше сақ болу керектігі ескертілген.

Еске сала кетсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "тәуекел тобына" жататын адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу керектігін айтқан еді.

"Тәжірибе "тәуекел тобына" жататын тұлғалардың медицналық жүйеге жүктеме салатындығы мен көп жағдайда олардың арасында өлім-жітім көрсеткішінің жоғары екенін көрсетеді. Олар - 55 жастан асқан адамдар. Олардың денсаулығына қатысты ортақ проблемалары бар" , - деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847155-mskeude-eki-adam-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel