Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуы шектетілмек

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "тәуекел тобына" жататын адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу керектігін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Depositphotos

Президент төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "тәуекел тобына" жататындар жайында сөз қозғады.

"Тәжірибе "тәуекел тобына" жататын тұлғалардың медицналық жүйеге жүктеме салатындығы мен көп жағдайда олардың арасында өлім-жітім көрсеткішінің жоғары екенін көрсетеді. Олар - 55 жастан асқан адамдар. Олардың денсаулығына қатысты ортақ проблемалары бар" , - деді Тоқаев.

Президент елімізде орын алған жағдайға байланысты аталмыш санаттағы азаматтарға қатысты тапсырмаларды берді.

"Олардың жұмысқа шығуын барынша шектеп, үйде өзін-өзі оқшаулау режимімен қамтамасыз ету керек" , - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссиясының отырысын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, президент коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер мен полицейлер ТЖ кезіндегі жұмысы үшін сыйақы алатынын мәлімдеді. Ол үкімет пен әкімдіктерге тиісті тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846898-55-zastan-askan-adamdardy-zmyska-syguy-sektetilmek/

pixel