jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды

: Depositphotos

АҚДМ басшысы бүгін ұлттық телеарна эфирінде Қазақстандағы барлық ХҚКО-ның жабық екенін және қызметтерді тек онлайн режимінде алуға болатындығын айтты. 30 наурыздан бастап әр қалада бір ХҚКО қалады, олар құжаттарды рәсімдеумен айналысады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда барлық ХҚКО жабылды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Дәурен Абаевтың айтуынша, елдегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары президент тапсырмасымен жабылған. Енді қызметтерді интернеттегі Egov сайтында, сонымен қатар Telegram және әлеуметтік желілерден алуға болады. Арнайы ХҚКО онлайн режимінде де жүреді.

Кеңестерді 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Қазақстандықтар 21 наурызға дейін тапсырған дайын құжаттарды 28 наурызға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ала алады.

30 наурыздан бастап Қазақстанның әр қаласында бір орталық анықталады, олар тек дайын құжаттарды беру үшін жұмыс істейді.

Айта кету керек, өткен аптада халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шектелетіні туралы хабарланды - олар кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеп, онлайн режимінде қызмет көрсете алмайтын қызметтерді ұсынуы керек еді.

Енді олар интернет арқылы көрсетілетін қызметтердің санын көбейтуді және қазақстандықтардың ХҚКО-ға баруынан толығымен бас тартқысы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Абаев бүгін төтенше жағдай мен карантинге байланысты кірістердің жоғалуына байланысты мемлекеттік төлемдерді кім және қандай жағдайда алатыны туралы айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.