Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді
Опубликовано:
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Алматы қаласында - 3 адам деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған ақпарат еліміздегі коронавирус жағдайын бақылайтын coronavirus2020.kz сайтында белгілі болды.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді", -делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін тіркелген науқастардың бірі - Атырау облысының тұрғыны. Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы алтыншы науқас жайлы тың дерек ұсынды.
Атырауда індетке шалдыққан науқас 20 жастағы студент болып шықты. Ол 17 наурызда Алматы қаласынан "Алматы-Атырау" рейсімен ұшып келген. Ер адам оқшауланып, аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Қазір тиісті ем қабылдауда.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847758-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-14-adam-tirkeldi/