Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүздері көрінбейді": Елена Малышева ақ халаттылардың коронавируспен қалай күресіп жатқанын көрсетті

Опубликовано:

Тележүргізуші Елена Малышева Мәскеудегі № 67 аурухананың инфекциялық блогында болып, Instagram парақшасында дәрігерлердің қазіргі жағдайы мен қызметі жөнінде бейнеролик ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жүздері көрінбейді": Елена Малышева ақ халаттылардың коронавируспен қалай күресіп жатқанын көрсетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Белгілі дәрігер әлеуметтік желідегі парақшасында вируспен күресіп жатқан дәрігерлердің қазіргі жағдайын баяндап берді.

"Менің жолым болды. Мен дәрігермін. Сондықтан мен ішінде болдым. Инфекциялық блокта, реанимацияда, барлық жерде болдым. Қазір жұқтыру қаупі бар жалғыз адамдар - дәрігерлер. Оларға қараңызшы. Жүздері көрінбейді. Тек респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері және ақ костюмдер. Оларды өзге ештеңе алаңдатпайды. Мен дәрігерлерге 1 000 000-нан төлейтін едім. Бірақ олар үшін ақша маңызды емес. Ең бастысы - олардың ісі", - деп жазды Малышева.

Видео кадрларында дәрігерлер блоктағы барлық адамдарда коронавирус әлі расталмағанын түсіндіреді. Олардың арасында сүйек сынығы, қатерлі ісігі, диабеті бар адамдар бар.

Сондай-ақ, Малышева коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен тілдесіп, олардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Белгілі болғандай ауруханадағы вирус жұқтырған ең жасы үлкен адам 106 жаста.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 9 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша вирус жұқтырғандардың жалпы саны 293-ты құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847865-zzderi-krinbejdi-elena-malyseva-ak-halattylardy-kalaj-koronviruspen-kresip-zatkanyn-krsetti/

pixel