Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы 9 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

COVID-19 инфекциясы Қазақстанда тағы 9 адамнан анықталды. Олардың үшеуі Алматы қаласында, үшеуі Қызылорда облысында үшеуі Ақмола облысында деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Gabriel Kuchta/Getty Images
Фото: Gabriel Kuchta/Getty Images: UGC

Қазақстандағы коронавирус бойынша 30 наурыз сағат 11:10 жағдай:

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 293 науқас тіркелді.

Айта кетсек, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылды. Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді.

31-ші наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап еліміздің ең ірі екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 28 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары күшіне енген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847859-elimizde-tagy-9-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel