Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арнайы анықтамасыз көшеге шыққандар полиция бөлімшесіне жеткізіледі

Жарияланған күні:

Қажеттілік туындамаса да қала көшелеріне шығатын алматылықтарды полиция бөлімшесіне жеткізіп, автокөліктерін айып тұрағын алып қоюы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көшеге жұмыстан берілген анықтамасыз шыққан алматылықтар полиция бөлімшесіне жеткізіледі
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Мемлекеттік комиссияның шешімдерінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз сағат 00: 00-ден бастап полиция бөлімі қала көшелерін күзетуді күшейтті, осыған байланысты патрульдік маршруттар мен патрульдік полиция бригадалары күшейтілді
Басты назар құқықтық-түсіндіру жұмыстарына салынып, бұл шаралар КВИ таралуын барынша азайтуға бағытталған. Біз азаматтарды өздері мен жақындары үшін ынтымақтастық пен жауапкершілікті күшейтуге, маска режимін сақтауға, қолғап пен зарарсыздандыру құралдарын үйден тыс, қоғамдық орындарда қолдануға шақырамыз", - деді Таймерденов.

Оның сөзінше, үйден тек азық-түлік пен дәрі алуға және шұғыл медициналық қызмет алу үшін шығуға болады.

Азаматтардың жиналуына болмайды. Ереже бұзғандарға әкімшілік шаралар қолданылады. Жұмысқа баратын тұрғындар үшін жұмыс орнынан анықтама болуы керек. Егер рұқсат қағазы болмаған жағдайда азаматтар полицияға жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ Алматыда 26 бекет қойылып, қосымша жол белгілері орналастырылады.

"Әкімшілік құқық туралы кодекстің 785 бабына сәйкес ереже бұзған автокөлік иелерінің көліктері айып тұрағына қойылады", - деді Таймерденов.

Сондай-ақ үй жануарларын серуендетіп жүрген азаматтардың арақашықтығы да тексеріледі. 500 метр радиустан артық серуендеуге болмайды.

"65 жастан асқан азаматтарға көшеге шықпауға кеңес береміз, кәмелет жасына толмағандарға ерекше назар салынады. Көшеде үлкендердің қарауынсыз жүргендер үшін ата-анасы мен қамқоршы Әкімшілік құқық туралы кодекстің 476 бабы бойынша жауапқа тартылады", - деді полиция басшысы.

Еске сала кетсек, Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 аймағы анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847924-almatyda-arnajy-anyktamasyz-ksege-sykkandar-policia-blimsesine-zetkiziledi/