Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында қай бағыттағы жолдар жабылды

Опубликовано:

Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ТЖ режимі кезінде ұйымдастырушылық шаралар жүргізу мақсатында 31 наурызда жергілікті уақытпен сағат 00:00-ден бастап облыс аумағына кіру және шығу жолдарын жабу туралы шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Polisia.kz-тің мәліметінше, облыс аумағында санитарлық қауіпсіздікті сақтау мақсатында төменде көрсетілген бес блок-бекет қойылды:

  1. "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 12 шақырымында (Қызылордадан Жезқазғанға қарай);
  2. "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" халықаралық жолының 1802/464 шақырымында “Баймұрат" елді мекені жанында;
  3. "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" халықаралық жолының 1834/430 шақырымында "Жібек жолы" кешенінің жанында;
  4. "Қызылорда-Жалағаш" тас жолының 19 шақырымында Қараөзек-Қызылорда қаласына кіре берісте;
  5. Бейбарыс көшесіндегі Тұңғыш Президент саябағы тұсында.
Сызба: polisia.kz
Сызба: polisia.kz: Facebook

Сонымен қатар, қазіргі таңда облыс бойынша үш санитарлық бақылау-өткізу бекеті жұмыс атқарып тұр:

  1. "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" халықаралық жолының 1283/983 шақырымында (Аралдан Ақтөбеге қарай);
  2. "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" халықаралық жолының 2044/222 шақырымында (Жаңақорған ауданынан Түркістан облысына қарай);
  3. "Жаңақорған-Түркістан" тас жолының Көктөбе ауылына бұрылысы.

Сонымен қатар теміржол және автовокзалдардың жұмысы, ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстері тоқтатылды. Ерекше жағдай уақытында рұқсат тек азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын көліктерге ғана беріледі.

Қаулы режимін бұзған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Блок-бекеттер толығымен жабдықталған, турникеттер орнатылып, тиісті жол белгілері қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, медицина қызметі, СЭС қызметкерлері мен әскерилер кезекшілік жүргізеді.

Олардың барлығы көлікпен, қажетті арнайы қорғаныс құралдарымен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Полицейлер планшеттермен қамтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 31 наурыздан бастап Қызылордаға кіруге және шығуға тыйым салынатынын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848204-kyzylorda-oblysynda-kaj-bagyttagy-zoldar-zabyldy/

pixel