ТЖ кезінде берілетін 42 500 теңгелік көмекті ресми тіркелмей жұмыс істегендер де алады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлемінде берілетін көмекті алатындар санатын кеңейтуді тапсырды. Бұл туралы Тоқаев еліміздегі телеарналардың тікелей эфирінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![42 500 теңгелік көмекті ресми тіркелмей жұмыс істегендер де алады 42 500 теңгелік көмекті ресми тіркелмей жұмыс істегендер де алады](https://cdn.nur.kz/images/1120/1a8ad540ce01f76d_w.jpeg)
"Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.
Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі", - деді президент.
Президенттің айтуынша, сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейетін болады.
Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар алады. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.
Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты халыққа мәлімдеме жасады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848249-tz-kezinde-beriletin-42-500-tegelik-kmekti-resmi-tirkelmej-zmys-istegender-de-alady/