Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО түрмесінде сотталушы сүйіктісіне Skype арқылы үйленуге ұсыныс жасады

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеуші Павлодар қаласында тұратын сүйіктісіне Skype арқылы үйленуге ұсыныс жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Александр сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты мекемеге қысқа мерзімді кездесуге келгенде жасауды жоспарлап жүрген.

Алайда дүние жүзін дүрліктірген пандемияға байланысты оның ойлағаны болмаған. Бұған түсіністікпен қараған Александр Павлодар қаласында тұратын Наталья есімді аруға Skype-тың көмегімен үйлену туралы ұсыныс жасайды.

Ал болашақ қалыңдық сүйіктісінің ұсынысын қабыл алған.

Сотталушының айтуынша, ол ғашығын сотталғанға дейін білген және бүгінгі күнге дос ретінде сөйлесіп келген.

Александр темір торға тоғытылған соң Натальясыз өмір сүре алмайтынын түсінген.

Енді жазасын өтеуші сүйіктісіне арнайы сақина жасап, Павлодар қаласына жібермекші.

Айта кетейік, бұған дейін тікелей эфир кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған "Хабар 24" тілшісі жайлы хабарлаған едік.

Негізі Марк Брюшко наурыз мейрамында ғашығы тұратын қалаға барып, сүйіктісіне тұрмысқа шығу жайлы ұсыныс жасауды ойластырып жүрген. Алайда, елімізді дүрліктірген коронавирус қос ғашықтың жоспарларын бұзған.

Коронавирусқа байланысты әлем елдерінде де қызықты жағдайлар орын алуда. Мәселен карантин кезінде үйде отыруға мәжбүр болған америкалық жігіт, көрші үйдің шатырында билеп жүрген бойжеткенді көріп, ғашық болып қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848307-sko-trmesinde-sottalusy-sjiktisine-skype-arkyly-jlenuge-synys-zasady/

pixel