Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев: Алматы оқушылары онлайн білім алу үшін техникамен қамтамасыз етіледі

Опубликовано:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанада мектеп оқушылары онлайн білім алып жатқанын айтып, балалардың ата-аналарына үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Бұл карантин күнделікті өміріміздегі барлық салаға, соның ішінде білім беру процесіне де өзгерістер енгізді. Төтенше жағдай режимінің бірінші күнінен-ақ мектептерді қашықтан оқытуға көшіруге даярлай бастадық. Ең алдымен мұғалімдерге арналған тренингтер өтіп, 99% немесе 273 мың оқушыны қамтыған сынақ сабақтары ұйымдастырылды. "Алматы" телеарнасынан көрсетуге болатын 100-ден аса бейнесабақ әзірленді.

Техникалық жабдыққа келер болсақ, карантин кезінде мектептердегі 10 мыңнан астам компьютер мұғалімдер мен оқушыларға берілді. Қосымша үш мың ноутбукты сатып алу мәселесі шешілуде. Үйінде төрт және одан да көп оқушы баласы бар және барлығының бір компьютерден білім алуға шамасы жететін отбасылар бар. Оларды қосымша техникамен қамтамасыз ететін боламыз. Байланыс операторларымен бірлесіп, төрт мың оқушы мен 700 мұғалімге ғаламтор желісінің қолжетімді болуын қарастырудамыз.

Ата-аналардың балаларға қолдау көрсетіп, мұғалімдердің онлайн сабағын өткізуіне көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Үйде отырсақ та, өзімізді жан-жақты дамытып, әрі коронавирустың белең алмауына үлес қосып жатырмыз",- деді әкім өз жазбасында.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның бас санитар дәрігері лауазымын иеленген Айжан Есмағаметова елдегі коронавирус "іштей тарауға" көшкенін мәлімдеді. Егер бастапқыда инфекция сырттан келсе, қазір көбі ауруды бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848453-sagyntaev-almaty-okusylary-onlajn-bilim-alu-sin-tehnikamen-kamtamasyz-etiledi/

pixel