jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар 400-ден асты

    : Original

    Қазақстанның төрт өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 402-ге жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
    "2 сәуір 08.20-дағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 16 адам тiркелдi, Нұр-Сұлтан қаласында – 7 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам", - делінген хабарламада.

    Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам,

    Алматы қаласында – 90 адам,

    Қызылорда облысында - 25 адам,

    Қарағанды облысында - 21 адам,

    Ақмола облысында - 19 адам,

    Атырау облысы - 18 адам,

    Алматы облысында - 9 адам,

    Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам,

    Түркістан облысында - 5 адам,

    Жамбыл облысында - 5 адам,

    Ақтөбе облысында - 4 адам,

    Шымкент қаласында - 3 адам,

    Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,

    Павлодар облысында - 1 адам,

    Маңғыстау облысында - 1 адам,

    Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 402 науқас тіркелді.

    Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

    62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар 400-ден асты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.