Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кімдер 1 қазанға дейін салық төлемейді: Экономика министрі түсіндіріп берді

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдайға байланысты кімдер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді.

"Шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға, осы жылдың 1 қазанына дейін босату қарастырылған", - деді Дәленов.

Министр қандай мекемелердің және кімдердің салықтан босатылғанын тізіп шықты.

"Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілері жылдың соңына дейін мүлік салығынан босатылды. Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімде жеке табыс салығынан босатылды", - деді ол. 

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді.

Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды.  Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі осы жылдың 30 наурызынан 1 қазанына дейін 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді. 

Дәленовтің айтуынша, бұл шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирустың алғашқы екі оқиғасы 13 наурыз күні Алматыдан анықталды. Екі азамат оңтүстік астанаға Германиядан ұшып келген. Оған қоса, инфекция дәл сол күні Миланнан Нұр-Сұлтанға келген келіншектен табылғаны белгілі болды.

Кейін қауіпті вирусты жұқтырғандарды саны күн сайын көбейе түсті. Нәтижесінде президент елімізге 16 наурыз күні сағат 8:00-ден бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. Бұл режим инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған бірқатар шектеу шараларын қамтыды.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусына шалдыққандардың саны 27 адамға жеткенде қос қалаға карантин енгізу шешімі қабылданды. Аталмыш режим 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Оған сәйкес, ірі мегаполистерге кіріп-шығу мәселесі шектелді. Алайда, ел тұрғындарына 22 наурызға дейін өз қалаларына қайтып үлгеруге 72 сағат берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848533-kimder-1-kazanga-dejin-salyk-tlemejdi-ekonomika-ministri-tsindirip-berdi/

pixel