Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастарға қалсын": Коронавирус жұқтырған 90 жастағы әже аппараттан бас тартып, көз жұмды

Жарияланған күні:

Белгияда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 90 жастағы әже дәрігерлер көмегі мен өкпеге жасанды желдету аппаратынан бас тартқан. Ол дәрігерлерден бұл аппаратты жастарға қалдыруын сұрапты. Кейін науқас қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Fox News басылымына сілтеме жасап.

"Жастарға қалсын": 90 жастағы әже аппараттан бас тартып, коронавирустан көз жұмды
Сюзанна Хойлаэртс. Фото: repro Bollen: UGC

Сюзанна Хойлаэртс Белгияның Люббек коммуналар бөлігіндегі Бинком шағын қалашығында тұрған.

Сюзаннаның қызы анасының тәбетінің қашуын және тыныс алуының қиындауын байқап, ауруханаға жатқызуды жөн санаған.

Басылымның хабарлауынша, 90 жастағы қарт ана ауруханада тексеруден өтіп, одан коронавирус ауруы анықталыпты. Сюзанна бірден қызынан оқшауландырылған.

90 жастағы науқас ауруханаға жеткізілгеннен кейін 2 күн өткен соң, 22 наурыз күні қайтыс болды.

Сюзаннадан оттегі жетіспеушілігін байқаған дәрігерлер оған өкпеге жасанды дем беру аппараты арқылы көмектеспек болған, алайда қарт ана бұл қажетті аппаратты өзінен жастау науқасқа қалдыруын өтініп, бірнеше рет бас тартқан.

Себебін сұрағанда, Сюзанна ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешкенін айтыпты.

Сюзаннаның қызы Джудит баспасөз өкілдеріне анасы алдыңғы жылы ауруханаға кәдімгі пневмониямен жатқызылғанын мәлімдеді.

Алайда пандемия туралы хабар тарағанда ол аса жауапкершілікпен қарап, өзін-өзі оқшаулап, бөтен біреуді үйіне кіргізбеген көрінеді.

Сондықтан да марқұмның туыстары үшін оның барлық шараларды ұқыпты қолданып, аяғында бұл індетті қайдан жұқтырғаны жұмбақ болып қалды.

Сондай-ақ, қызы анасының сөздерін есіне түсірді. Анасы қызының алаңдамауын, мұңаймауын сұраған, себебі қызы қолдан келгеннің бәрін істеген.

Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар 400-ден асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848547-zastarga-kalsyn-koronavirus-zktyrgan-90-zastagy-ze-apparattan-bas-tartyp-kz-zmdy/