Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір тәулікке пәтер жалға берген әйелдер ұсталды (видео)

Опубликовано:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әлі де карантинге көнгісі келмейтін және заңды бұзуға тырысатын азаматтар барын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда бір тәулікке пәтер жалға берген әйелдер ұсталды (видео)
Фото: Видеолардан кадр: UGC

Мәселен, оңтүстік астананың тау бөктерінде мобильді полиция тобы жауапкершілігі бар азаматтардың көмегімен әлі де мегаполистің ішіне кіруге немесе шығуға тырысып жүрген қазақстандықтарды анықтап жатыр.

Полиция қызметкерлері оның ішінде атты патрульдер де тәулік бойы кезекшілік етуде. Айта кету керек, өнімділігі жоғары жұмыс үшін олар квадрокоптер арқылы әуе бақылауын қолданады деп жазады Polisia.kz.

Қаладағы жағдай туралы айтатын болсақ, полиция қызметкерлері Алматы қаласының серуендеп жүрген тұрғындарына карантин шарттарын түсіндіреді, ал режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

  • Тек Алмалы ауданының өзінде тәртіп сақшылары он төрт заң бұзушылықты тіркеді. Олардың арасында пәтерлерді тәуліктік жалға алу да бар.

Полиция "кілт" деп аталатын адамдардың карантинді елемей, пәтерлерді жалға беруді жалғастырып жатқанын атап өтті деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Сондай кәсіпкердің бірі ұстау кезінде полицияға қарсы шыққан. Енді ол қылмыстық жазаға тартылады.

Полиция төтенше жағдайлар кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен жағдайда қатаң жаза қарастырылғанын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 402-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848548-almatyda-bir-tulikke-pter-zalga-bergen-jelder-staldy-video/

pixel