Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің үйге келмеші": Әкесі әскери қыз бала коронавирусқа хат жолдады

Опубликовано:

Алты жасар Аяулым есімді қазақстандық қыз бала коронавирусқа жантебірентерлік хат жолдады. Бүлдіршін вирустан отбасына жоламауын өтінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біздің үйге келмеші: 6 жасар қазақстандық қыз коронавирусқа хат жолдады
Көрнекі фото: pixabay.com / Видеодан кадр: instagram.com/amina.srrr: Instagram

Кішкентай қазақстандық жазған хатты оның туысы Амина Сырымбетова Instagram парақшасында жариялаған.

"Қымбатты коронавирус. Менің атым Аяулым, 6 жастамын. Терезенің алдында саған хат жазып отырмын. Күн сайын аулаға қарап қардың еріп кеткенін, құстардың ән салып, күннің жарқырағанын көремін, алайда балалар алаңқайында ешкім жоқ.
Анам көшеге шығуға болмайды дейді, бірақ менің сыртқа шыққым келеді. Мен, атам және анам - бәріміз үйде отырмыз. Ал әкем жұмысқа барып жүр. Оның бізбен бірге болғанын қатты қалаймын, бірақ анам ол әскери болғандықтан жұмысы аса маңызды дейді. Ол менімен бәрінен де жақсы ойнайды, оны күн сайын күтемін.
Сенің (коронавирус - ред.) арқаңда біздің отбасымызда енді жаңа ережелер бар. Әкем үйге келген кезде оны бірден құшақтауға болмайды. Ол сонымен бірге иісі жағымсыз суды қолына себеді. Ал анам күн сайын еденді жуып, есіктің тұтқаларын сүртеді. Біз бетіміз бен қолымызды жиі жуамыз.
Маған сенің өте жаман екеніңді айтты. Ал әкем атам мен әжеме "абай болыңдар" дейді. Мен сенен өтінемін, біздің үйімізге келмеші, мен өз отбасымды қатты жақсы көремін. Бәрінің тезірек бұрынғыдай болғанын қалаймын", - дейді Аяулым.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірханның қызы коронавирусқа байланысты елде енгізілген төтенше жағдай кезінде күндіз-түні жұмыста жүрген әкесіне жантебірентерлік хат жолдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848653-bizdi-jge-kelmesi-kesi-skeri-kyz-bala-koronaviruska-hat-zoldady/

pixel