Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14,8 млрд бөлінеді: Елімізде карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынбақ

Опубликовано:

Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынатынын айтты. Бұған 14,8 миллиард теңге бөлінбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

қаржы
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Карантиндік типтегі үш медициналық модульдық кешен құрылысына 14,8 миллиард теңге қарастырылған", - деді Шолпанқұлов онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, 19,5 миллиард теңге коронавирус жұқтырған және жұқтыруы мүмкін пациенттерді емдеп жатқан медициналық ұйымдарға медициналық қызметті төлеуге жұмсалады.

40,6 миллиард теңге коронавируске күреске тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.

Жалпы, президенттің тапсырмасымен 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге бөлінбек.

Еске сала кетсек, бүгін министрлер кабинетінде экономикалық блокты басқаратын вице-премьер Әлихан Смайылов халық пен кәсіпті дағдарыс кезеңінде қолдау үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Мәселен, жұмыссыздық мәселесін шешу үшін бюджеттен 300 млрд теңгемен "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы іске қосылады. Оның аясында өңірлерде 250 мың жұмыс орны құрылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848668-148-mlrd-blinedi-elimizde-karantindik-tiptegi-s-medicinalyk-kesen-salynbak/

pixel