Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге ала ма: Нұрымбетов жауап берді

Жарияланған күні:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер ала алатынын тағы бір түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

425000
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Министр түсіндірме жазбасын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Нұрымбетовтың сөзінше, кейбір қазақстандықтар өзін өзі жұмыспен қамтығандар жәрдемақыны ала алмайды деген пікірде. Алайда шенеунік мұндай санаттағы адамдарға 42 500 теңгенің берілетінін айтты.

"Барлық жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін (ЖК, АҚС, БЖТ төлеушілері) төтенше жағдай жарияланғанға дейін соңғы 12 айда кемінде бір әлеуметтік жарнаның болуы жеткілікті. Бұған дейін осылай болмап па еді? Ал бейресми, ресми емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ешқашан әлеуметтік төлемдер жасамағандықтан (сол себепті де біз оларды бейресми деп атаймыз), қазір алғаш рет оларға БЖТ (бір жолғы төлем) төлесе жеткілікті дедік", - деді министр.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849192-zin-zi-zmyspen-kamtygandar-42-500-tege-ala-ma-nrymbetov-zauap-berdi/