Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бос қалған көшелер мен аулалар: Карантин кезіндегі Алматының келбеті қандай (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік астананың прокуратура қызметкерлері карантин салдарынан бос қалған Алматы көшелерін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Instagram / almaty.prokuratura
Видеодан кадр/Instagram / almaty.prokuratura: UGC

Жоғарыдан түсірілген бейнеролик құзырлы органның Instagram желісіндегі парақшасында жарық көрді.

Кадрдан оңтүстік астананың бос көшелері мен жолдарын және "тірі жан жоқ" аулаларын көруге болады.

Ролик соңында прокуратура қызметкерлері үйлерінде карантин ережесін сақтап отырған барлық азаматтарға алғысын білдірген.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирустың алғашқы екі оқиғасы 13 наурыз күні Алматыдан анықталды. Екі азамат оңтүстік астанаға Германиядан ұшып келген. Оған қоса, инфекция дәл сол күні Миланнан Нұр-Сұлтанға келген келіншектен табылғаны белгілі болды.

Кейін қауіпті вирусты жұқтырғандарды саны күн сайын көбейе түсті. Нәтижесінде президент елімізге 16 наурыз күні сағат 8:00-ден бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. Бұл режим инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған бірқатар шектеу шараларын қамтыды.

Кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда қалаларында да карантин енгізу шешімі қабылданды. Аталмыш режим 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Оған сәйкес, мегаполистерге кіріп-шығуға тыйым салынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849300-boks-kalgan-kseler-men-aulalar-karantin-kezindegi-almatyny-kelbeti-kandaj-video/

pixel