Түркістан облысында бір аудан мен 6 ауылға карантин енгізілді
Опубликовано:
Түркістан облысында бір аудан мен бірнеше елдімекендерде коронавирусқа байланысты шектеу шаралары енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайтында белгілі болды.
Түркістан облысында шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға сәйкес, 1 аудан, 6 елдімекен, 2 медициналық мекемеде және 3 тұрғын үйде шектеу шаралары енгізілді.
Аудан: Жетісай ауданы
6 елді мекен: Ордабасы ауданы, Бадам, Дербес елдімекендері, Сарыағаш ауданы, Еңкес елдімекені, Сайрам ауданы, Қосбұлақ, Ханқорған ауылдары, Арыс ауданы, Наурыз елдімекені.
Емдеу мекемелері: Жетісай ауданының обсервация орталығы, Жетісай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық госпиталі, Леңгір қалалық ауруханасының инфекциялық госпиталі карантинге жабылды.
Үш үй: Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Әбдіхалық е/м, Ақберен көшесі №41 үй, Жетісай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі №67/3 үй, Жетісай қаласы, Ерубаев көшесі №5/3 үй тұрғын үй; Үш көше: Мақтаарал ауданы, Атакент е/м, Н.Төреқұлов-А.Пушкин, Н.Төреқұлов-Желтоқсан, Ғ.Мұратбаев-А.Пушкин көшелері карантинге жабылды.
Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 670 адамнан коронавирус анықталды. Соның 33-і Түркістан облысында тіркелген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849405-trkistan-oblysynda-bir-audan-men-6-auylga-karantin-engizildi/