670 адамға жетті: Елімізде тағы 8 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:
Елімізде коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы 8 жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 7 сәуір 08:35-тегі эпидемиологиялық жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелдi.
Олар: Нұр-Сұлтан қаласы (1 адам) мен Атырау (3 адам), Қызылорда (4 адам) облыстарынан.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222
Алматы қаласында – 119
Қарағанды облысында - 48
Ақмола облысында - 42
Атырау облысы - 32
Жамбыл облысында - 40
Шымкент қаласында - 19
Шығыс Қазақстан облысында - 6
Алматы облысында - 10
Ақтөбе облысында - 11
Солтүстік Қазақстан облысында - 25
Павлодар облысында - 1
Маңғыстау облысында - 5
Қызылорда облысында - 54
Батыс Қазақстан облысында - 2
Түркістан облысында - 33
Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 670 пациент.
Айта кетейік, олардың 46-ы (Нұр-Сұлтанда 24, Алматыда 21 және Солтүсік Қазақстан облысында 1 адам) жазылып шықса, алтауы қайтыс болды.
Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында тіркелді.
Ал әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 346 000 асты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849367-670-adamga-zetti-elimizde-tagy-8-adamnan-koronavirus-anyktaldy/